Аймақтар • 25 Ақпан, 2018

Павлодар облысында жергілікті ЖОО үшін 200  грант  бөлінді

279 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жыл сайын мектеп бітірер кезде ҰБТ-ға қатыспайтын өңір түлектері алыс және жақын шетелдерге оқуға аттанады.  Былтыр 11-сыныпты бітіретін өңірдегі 3738 оқушының 2676-сы немесе 71,5 пайызы тестілеуге қатысқан. 

Павлодар облысында жергілікті ЖОО үшін 200  грант  бөлінді

Негізі, ҰБТ-ны тек қана еліміздің жоғары оқу орындарына түскісі келетін түлектер ғана тапсыруға міндетті делінді. Әкімдік отырысында аудан-қала әкімдеріне мектеп түлектерін ҰБТ-ға қатыстыру керектігі үнемі ескертіледі. Мысалы, Успен ауданында былтыр мектеп бітірген түлектердің 52 пайызы ғана ҰБТ-ға қатысқан.  Аудан Ресеймен шекаралас, сондықтан, мектеп бітірушілер сол жаққа жол тартатын көрінеді. Биыл өңірдің білім беру саласына бөлінген қаражат 61,6 млрд теңгені құрайды. Мектептерде кең жолақты интернет жылдамдығын арттыруға 184,4 миллион теңге қаржы бөлінген. Облыстық бюджеттен 129,2 миллион теңгеге компьютерлік техника сатып алу жоспарлануда.

Биыл облыс әкімі Болат Бақауовтың шешімімен  жергілікті жоғары оқу орындарында оқып, студент атанғысы  келетін түлектерге 200  грант  бөлінді.  Мектеп түлектерін ҰБТ-ға қатысуға ынталандыру үшін гранттар  65- педагогикалық, 100 медициналық және 35-і инженерлік-техникалық мамандықтарға арналған. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, қазір бұл мақсат үшін басқарма тарапынан жұмыстар жүргізіулде.  Грант тағайындау конкурсында әлеуметтік жағдайы төмен және арнайы топтағы жастар, ауыл мектептерін бітрігендер, мүмкіндігі шектеулі жастардың да мүддесі ескерілген. Қазір басқармада өңірдегі балабақшаларға баратын балаларды қабылдауды жедел түрде жүзеге асыру, 1-сыныпқа келетін оқушыларды электронды жүйе бойынша тіркеу, Бірыңғай ақпараттық жүйе, Цифрлы білім беру контентін енгізу сияқты жаңашылдықтар жүргізілуде. Сонымен бірге,  мемлекеттік қызмет барысындағы жұмыстардағы жеделдік, Жаңартылған Ұлттық білім беру мәліметтер базасын жасау, ұстаздардың бос орны T-hunter мамандандырылған жүйесі, Smart – мектеп, заманауи электронды   Teacher office, жедел ақпараттық жүйе және әкімшілік-шаруашылық қызметті жоспарлау сияқты 10 жоба іске асырылады.

Нәтижесінде, ата-аналар Онлайн режимінде өтініштерін жолдап, балаларының оқу үлгерімін бақылай алады.  Мұғалімдерге әрбір санат үшін мемлекет тарапынан еңбекақыны арттыру ретінде қаржыландыру қарастырылуда. Санатқа лайық болу үшін атестаттаудан өткізу барысында  портфолия түрінде том-том қағаз жинайтын.

Енді жаңашылдық техника нәтижесінде ұстаздар жеке куәлігінің көшірмесі мен  өтініш берсе жеткілікті. Ақпаратты Ұлттық мәліметтер білім беру базасынан алады. Қағазбастылықтан арылтады. Ұлттық білім беру мәліметтер базасында әрбір мектеп бойынша деректер қоры жинастырылады.  Жоспарланған жобаларды тиісті техникалық жабдықтарсыз жүзеге асыру да мүмкін емес.

Фарида Бықай,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар